379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейде су деңгейі жіті бақылауға алынған

  • 92
  • UPD: 15:18, 05.04.2019
Семейде су деңгейі жіті бақылауға алынған

Семейде су басу қаупі жоқ. Ертіс өзеніндегі су деңгейі 160 сантиметр, қауіпті меже 450 сантиметр.

Ал Шүлбі су қоймасынан жіберіліп жатқан су көлемі секундына 1100 текшеметр. Бұл туралы қала әкімі Ермак Бидахметов хабарлады. Ал кешелі бері жарияланып жатқан ескерту алдын алу шараларына жатады. Онда 0ала тұрғындарының өзенге жақын орналасқандары су деңгейі көтерілген жағдайда көшуге дайын отыру керектігі туралы айтылған еді. Бұл ауа райын болжаушылардың алдағы күндері жауын-шашынды болуына байланысты жіберілген ақпарат екен. Әзірге жағдай қалыпты, әрі алаңдауға негіз жоқ дейді мамандар.

Телеканал Хабар 24