379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыдағы орталық саябақта ерекше сенбілік өтті

  • 166
  • UPD: 08:43, 08.04.2019

Экологиялық шараға қатысушылар тоғай ішінде жүгіріп жүріп, қоқыс жинады.

«Бұл біріншіден, тазалық әрі денсаулыққа пайдалы» дейді плоггингті ұйымдастырған медицина университетінің белсенді студенттері. 

Не хватает пакетов, это ужас сколько мусора, невозможно, я думаю здесь нужно тележку. Обязательно какой то контейнер на колесах.

Осылайша жүгіріп жүріп, қоқыс жинауды – плоггинг деп атайды. Швецияда пайда болған бұл шара қазір әлемнің әр түкпірінде жиі ұйымдастырылады. Қарағандылық жастар да тұрғындарды тазалыққа шақыру үшін осы тәсілді пайдаланып көрмек болған.

Қанағат Манап, медицина университетінің студенті:

- Осы іс-шараны челендж сияқты басқа да университеттерге ұсыну жоспарымызда бар. Осы бүгінгі іс-шара ойдағыдай өтсе, бірінші Қарағанды университетіне, кейін басқа да қалалардағы университеттерге, медициналық университеттерге челендж ретінде таратсақ деген ой бар. Осының арқасында экологиямызға, қоршаған ортамызға кішкене болса да үлесімізді тигізсек деген мақсат.

Өкінішке орай, экологиялық шараға бар-жоғы 30-ға жуық адам қатысты. Олардың басым бөлігі медицина университетінің студенттері мен ұстаздары. Сенбіліктің өтетіні туралы халыққа бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі және баспасөз беті арқылы хабарланса да, тұрғындар төбе көрсетпеді. Бірен-саран еріктілер ғана келді. Соның бірі Ерік Құзғанов.

Ерік Құзғанов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Мен өзім қаладағы 30-мөлтек ауданда аула сыпырушы болып жұмыс істеймін. Ал бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Бірнеше рет марафонға қатысқанмын. Сондықтан плоггингтің өтетінін естігенде қуандым. Себебі жүгіру әрі қоқыс жинау бұл менің күнделікті кәсібім.

Тазалық шарасына қатысқандар бас-аяғы екі сағатта үш контейнер күл-қоқыс жинады. Бірақ игі жұмыс бұнымен тоқтап қалмақ емес.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Аумағы 150 гектарды алып жатқан орталық саябақты бір күнде күл-қоқыстан аршу мүмкін емес. Сондықтан ұйымдастырушылар алдағы аптада ерекше сенбілікті екінші рет өткізсек деп отыр. Ал ол жолы тұрғындардың белсенділігі артатынына сенімді.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Телеканал Хабар 24