379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жазушылар одағының мүшелері кезектен тыс Президент сайлауының өткізілуін қолдайды

  • 97
  • UPD: 20:51, 09.04.2019

Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдап отыр.

Олардың пікірінше әр нәрседе анықтық қажет. Президент сайлауын өткізу дәл қазіргі таңда қажеттіліктен туындап отырған мәселе. «Оның астарында ұлттық мүдде, елдің болашағы жатыр» дейді қаламгерлер.  

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бұл шынында да өте маңызды, саяси да маңызы бар, әлеуметтік те маңызы бар тарихи маңызы бар және өте қажетті іс деп ойлаймыз. Себебі әр нәрседе де айқындық керек. Енді мемлекетте билік алмасқан кезде уақытша басқару ол да тарихи қажеттіліктен туған. Ал енді бүкілхалықтық заңды сайлау өткізу, заңды мемлекет басшысын, заңды президентті сайлап алудың дәл осы жерде шынын айтқанда тарихи мәні бар.

Бауыржан Жақып, ақын:

- Демократиялық жағдайда өтетін сайлау деп түсінемін мен өз басым. Әркім өзінің, әрбір осы елдің тұрғыны өзінің даусын қалаған кандидатурасына береді деген пікірдемін. Сондықтанда бұл шешім дер кезінде қабылданған шешім. Оны біз қолдаймыз.

Телеканал Хабар 24