378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шымкенттік ардагерлер президенттік сайлауға қатысты ойымен бөлісті

  • 161
  • UPD: 21:14, 18.04.2019
Шымкенттік ардагерлер президенттік сайлауға қатысты ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы халыққа үндеуін ардагерлер кеңесінің мүшелері бірауыздан дұрыс шешім деп бағалады.

Себебі қазір әлемнің түкпір-түкпірінде дүрдараздық орын алып, сын-қатерлер туындап отыр. Сондықтан елді биік белестерге бастайтын, Елбасы айтқан озық отыздыққа жетелейтін басшы болуы тиіс. Зиялы қауым өкілдері осылай дейді.

Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Президенттің үндеуі, менің ойымша, дер кезінде шешілген деуге болады. Себебі бұл біздің елімізге ертеңіне серпін беретін алдағы уақытқа барлық бағыт-бағдарды айқындап алатын үлкен қадам деуге болады. Бүгінгі жағдайда жалпы халық бірлігімізді тірлігімізді біздің рухымыздың биік халық екендігін жалпы әлемге паш ете білуіміз керек.

Телеканал Хабар 24