378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде педагогтың мәртебесі қай деңгейде

  • 223
  • UPD: 15:27, 28.04.2019
Елімізде педагогтың мәртебесі қай деңгейде

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі».

Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев ұстазға деген құрметті осылай білдірсе керек, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал қазіргі таңда педагогтың мәртебесі қай деңгейде? Осы және өзге де сауалдар Шымкент қаласында өткен жаңашыл педагогтардың ІІ халықаралық форумында көтерілді. Заманауи білім беру мен жаңашыл трендтер тақырыбы көтерілген жиында оқытушылардың мәдениетін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті маман даярлау жайы кеңінен талқыланды. «Қазір еліміздегі білім ошақтарында Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев университетінің тәжірибесін тарату сынды білім берудің жаңа моделі қалыптасып жүзеге асырылуда», – дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарламасы аясында көптілді оқыту басты назарда. Халықаралық ынтымақтастықты күшейту де маңызды. «Ол үшін мектепте сабақ беретін ұстаздардың сауаттылық деңгейі жоғары болуы шарт», – дейді сала мамандары. Сондай-ақ дәл осы күні жоғары оқу орнында Жастар жылына орай жас ғалым-педагогтардың да ІІ республикалық жиыны өтті. Онда озық ойлы болашақ ғалымдардың қолынан шыққан тың туындылары мен ғылыми жаңалықтары көпшіліктің назарына ұсынылды.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- Бүгінде әлемде 4 мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ соның ішіндегі қай уақыт болмасын, қай заманда жаңалықтар болмасын, соның ішіндегі шешуші тұлға ол мектеп пен мұғалім болып қала береді. Әр саладағы жоғары оқу орнынан келген педагогтар бірқалыпты ұсыныстар айтады. Ол ұсыныстар жаңадан қабылданып жатқан педагог статусына заң қабылданып жатыр, соған жіберіледі.

Телеканал Хабар 24