379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қ.Тоқаев Президент ретіндегі басты үш ұстанымын атады

  • 262
  • UPD: 14:48, 23.03.2019
Қ.Тоқаев Президент ретіндегі басты үш ұстанымын атады Vlast.kz

Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті халықпен кездесіп, басты ұстанымдарын атады.

«Менің Президент ретіндегі негізгі ұстанымым әрі көзқарасым, ең алдымен, сабақтастық, яғни Елбасы саясатын жалғастыру. Сабақтастық жоқ жерде тұрақтылық болмайды. Тек дағдарыс, тіпті жанжал, қақтығыс қана болады.

Екінші ұстанымым, бұл – әділеттілік. Әділеттілік жоқ қоғам ешқашан дамымайды. Тек қана қиыншылық, тауқымет, құлдырау болады.

Үшінші ұстанымым – ілгерілеу. Қазақстан бәсекелестікке толы әлемде тек қана алға жылжуды көздейді», – деді Президент.

Телеканал Хабар 24