379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елбасы Бас прокурорды қабылдады

  • 137
  • UPD: 22:03, 15.04.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады. Ғизат Нұрдәулетов Елбасына еліміздегі құқық қорғау ахуалы бойынша және әлеуметтік-экономикалық саладағы азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде ақпарат берді.

Оның айтуынша, бүгінде 200 мыңнан астам адамның мүдделеріне қатысты мәселелер оң шешімін тапты. Бұл кәмелетке толмаған балалар, зейнеткерлер мен мүгедектердің мазалаған сұрақтары. Сондай-ақ, былтыр 2,4 млрд теңгені құраған еңбекақы қарызы өтелді. Бас прокурор қылмысты ізгілендірудің оң тұстары туралы да әңгімеледі. Тұңғыш Президент шағын және орта бизнес саласындағы тексерістерді азайту үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Бас прокуроры:

- Елімізде жалпы қылмыс саны 5 процентке төмендеді. Адам өлтіру, қарақшылық тонау, ұрлық, бұзақылық секілді фактілер азайды. Заңды негізінен жұмыссыз жүрген азаматтар бұзады. Қылмысты ізгілендірудің арқасында темір торға тоғытылғандар 24, ал қамауға алынғандар 42 пайызға азайды. Нәтижесінде Қазақстан түрмедегі кісі құрамы бойынша әлемдік рейтингте 12 сатыға көтерілді. Елде қоғамдық-саяси жағдай да тұрақты. Үкіметпен бірге азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жұмыс істейміз.

Телеканал Хабар 24