378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Д.Назарбаева Халықаралық терроризмге қарсы тұру жөніндегі конференцияға қатысты

  • 185
  • UPD: 20:11, 18.04.2019

Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аяындағы шаралар басталды. Қазақстандық делегацияны Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева бастап барды.

Көктемгі сессия жұмысын халықаралық терроризмге төтеп беру конференциясы ашты. ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы, Еуропа Кеңесі және БҰҰ терроризмге қарсы Басқармасының өкілдері экстремизммен күресуге көмек беретін заңдарды талқылауда.

Конференция барысында Дариға Назарбаева халықаралық терроризм әлемдегі өзекті мәселелердің біріне айналғанын атап өтті. Сенат төрағасының айтуынша, БҰҰ лаңкестікке төтеп беруде басты үйлестіруші күш болу болуы тиіс. Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы кезінде ұсынған жеті жасымдығының бірі терроризмге қарсы күрес болатын.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- БҰҰ қамқорлығымен  терроризмге қарсы мемлекеттердің жаһандық коалициясын құру жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болған. Оны ілгерілету мақсатымен 2018 жылы БҰҰ Бас ассамблея сессиясында Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексіне қол қойылды. Бұл құжатқа бүгінде 70-тен аса мемлкет қосылған. Терроризм мен діни экстремизмді ауыздықтау үшін халықаралық қауымдастық жаңа тәсілдемелер мен шешімдерді қалыптастыруы қажет деп санаймыз. Ол кең диалог қағидаттарына негізделуі тиіс. Бұл - бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күресте бірлікке жетудің жалғыз жолы.

ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко ұлттық парламенттер мен парламентаралық ұйымдарды интернетте эктремисттік идеялардың таралуына қарсы күресті белсендетуге шақырды. 

Валентина Матвиенко, ТМД Парламентаралық Ассамблея кеңесінің төрағасы:

- Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы өркениетімізге төнген ең үлкен қатер. Террордың ұлты жоқ, ол шекараларды мойындамай, бүкіл елдерге қарсы бағытталған. Сол себептен терроризммен жеке-жеке күресуге болмайды. Біз оған қарсы күшті ортақ майдан құруымыз тиіс. 

Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы, Аль-Каида және олармен байланысы бар қарулы топтар әлі де әлемге қауіп төндіріп тұр. Сарапшылардың есебінше, кезінде Таяу Шығысқа аттанған 5 мың лаңкестің бір жарым мыңы Еуроодақ елдеріне оралған. Өткен жылы 5 мыңдай адамның өмірін қиған 700-ге жуық террорлық әрекет жасалды. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, ғаламторда экстремисттік идеялар тарататын 6 мыңға жуық сайт пен жүздеген мың аккаунт бар, ал терроризм миллиардтаған қаражатқа ие бизнеске айналған. Конференцияға қатысушылар лаңкестікке төтеп беру үшін күш біріктіруге және таралуына жол бермес үшін озық технологиялар қолдануға, сондай-ақ терроризмнің қаржыландырылуына тосқауыл болатындай заңдылықты жетілдіруге шақырды.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Телеканал Хабар 24