405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы бүлдіршіннің ЕХРО-ға қатысу туралы тілегін орындады

  • 856

Елбасы павлодарлық бүлдіршін Ардақ Шалабаевтың тілегін орындады.

Ол бұған дейін «Аяз атаға хат жаз» шарасына қатысып, ЕХРО көрмесін көргісі келетінін айтқан екен. Қуаныштысы сол, Жаңа жылға санаулы сағат қалғанда кішкентай Ардақ халықаралық көрмеге қатысуға 4 билет алды. Президент сыйлығын Аяз ата мен Қаршақыз балдырғанның үйіне арнайы барып табыс етті. 

Райхан Шалабаева, Ардақтың анасы:   

- Үш апта өткен соң «Қазпочтадан» маған бір менеджер қоңырау шалып айтты: «сіздің балаңыз Елбасының сыйлығын – ЕХРО-ға билет ұтты» деп. Бірақ мен оған онша нанбадым. Ол кісінің басқа маңызды шаруалары көп қой. Бірақ интернетті ашсам, интернетте жүр екен хабарламада менің баламның аты бірінші жолда. Бүгін бізде өте қуанышты күн. Өйткені біз Елбасының қолынан ЕХРО-ға билет алып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы