411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-ны өткізу Астанаға өз әлеуетін әлемдік деңгейде паш етуге мүмкіндік береді

  • 791
EXPO-ны өткізу Астанаға өз әлеуетін әлемдік деңгейде паш етуге мүмкіндік береді фото: saburagroup.com

Бұл көрмеге дайындалу елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.

EXPO көрмесі Астанаға өз мүмкіндіктерін әлемге көрсетуге, жаңа аймақтық туристік және іскер орталық ретінде инвесторларды тартуға жағдай жасайды, - деді Астана қаласының әкімдігінде өткен жиналыста Әсет Исекешев.

Қала әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен бірлесе көрмеге дайындық жөніндегі штаб құрған болатын.

Қазіргі таңда көрменің 16 мың қонағын жайғастыру міндеті әкімдікке жүктеліп отыр. Қазір Астана аумағында 12482 орынға арналған 164 қонақ үй жұмыс істейді. Биыл тағы 2829 орындық 23 қонақ үй нысаны қолданысқа берілмек.

Сондай-ақ қалада 664 келушіге арналған 25 хостел жұмыс істейді. 2017 жылдың мамыр айына дейін қонақ үйлер мен хостелдерде 15 975 орын дайындалады. Қосымша жатын орын ретінде ЖОО-лар мен колледждердің жатақханаларын және жалға берілетін пәтерлерді пайдалану жоспарланып отыр.

7345 орынға арналған 17 жатақхана (18 ЖОО) еріктілер, жұмыс сапарымен келген қызметкерлер сынды EXPO меймандарын қабылдауға әзір. 1710 орынға шақталған 10 колледж жатақханасы дайындалды. Олар елдің әр аймағынан келген 40 мың оқушыны 3 күнге қабылдай алады. 2017 жылдың мамыр айына дейін жатақханаларда 9055 орын дайындау көзделген.

Интернет-ресурстардың мәлімдеуінше, Астанада 18 мың пәтер жалға беріледі. Оның 3 мыңы тәулікке жалға берілуде, мұнда да 10 мыңға жуық адам қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

EXPO-ны өткізу барысында ұйымдастырылатын шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді. Көрмеге туристерді көптеп тарту үшін ол шаралар елмен қатар шетелде де таныстырылып, насихатталады.

Хабар 24 телеарнасы