421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай павильоны «Экспо» көрмесінде үздіктер қатарынан табылуы мүмкін

  • 1142

Қытай павильоны «Экспо» көрмесінде үздіктер қатарынан табылуы мүмкін.

Бұл туралы Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Қытай күллі әлем көз тіккен көрмеге қатысуды ресми растаған алқашқы елдердің бірі. Аспан асты елінің «Жасыл» экономика саласында бағындырған жетістіктері шаш-етектен екенін атап өткен жөн. Елші Чжан Ханьхуэй отандастарының Астанада өтетін бұл шараға ерекше қызығушылық танытып отырғанын алға тартты. Қытай үкіметі Қазақстанға келушілерге қай тұрғыдан да қолдау көрсетуге ниетті. «Экспо» көрмесінің ашылуына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қатысады.

Хабар 24 телеарнасы