384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрманғазы атындағы оркестр мен «Отырар сазы» ЭКСПО-2017 көрмесінде өнер көрсетеді

  • 1658
Құрманғазы атындағы оркестр мен «Отырар сазы» ЭКСПО-2017 көрмесінде өнер көрсетеді

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өтетін «Ұлы дала дауысы» қазақстандық фольклор жанры өнерпаздарының концерттері жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келушілерді қазақ даласының музыкалық дәстүрімен таныстырады.

Құрманғазы атындағы академиялық оркестр классикалық музыка табынушыларын 2017 жылдың 21, 22, 23 шілдесінде қуантады.

Ал Н.Тлендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі 2017 жылдың 6-9 қыркүйегі аралығында ерекше концерттерін өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық көрме аясында 3 мыңнан астам мәдени-сауық шарасы өткізіледі, деп хабарлайды 
Astana EXPO-2017.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы