421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай делегациясы EXPO қонақтарын таңқалдырмақшы

  • 485

Қытай ғалымдары Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне келушілерді таңқалдырғысы келеді.

Бұл туралы Күншығыс елінің Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті. Оның айтуынша, көрші мемлекеттің мамандары қонақтарды ядролық электрстансалардың жұмысымен таныстыруды жоспарлап отыр. Елімізде уран өндірілетіндіктен, қытайлықтар Қазақстанға бірқатар жобаны бірлесіп жүзеге асыруды ұсынатын көрінеді. Сондай-ақ олар өндірістік қалдықтардың көлемін азайту технологиясын жария етеді.

Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы елшісі:

- Қазақстан мен Қытайдың туристік агенттіктері бір-бірімен тығыз жұмыс жүргізе бастады. Халқымыз шын ниетпен Астанаға келгісі келеді. Біздің делегацияның мүшелері басқа елге қарағанда әлдеқайда көп. Арасында тек кәсіпкерлер ғана емес, жергілікті билік өкілдері де болады. Маған қазірдің өзінде Қытайдан хабарласып, шараға қатысу үшін қалай тіркелу керектін біліп жатыр.

Сонымен қатар көрші елдің дипломаты Қытай халқының арасында қазақ тілі мен мәдениетіне қызығушылық артып келе жатқандығын хабарлады. Жақында көптеген қалада қазақ тілін үйрететін мектептер ашылған. Сол себепті бірер жылдан кейін Қазақстанға мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген Қытай азаматтары келіп жатса, таңқалмаңыз дейді Чжан Ханьхуэй.

Хабар 24 телеарнасы