417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАӘ-нің ЭКСПО қалашығындағы ұлттық павильоны ашылды

  • 832

ЭКСПО қалашығында Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық павильонын ашты. Арабтар қонақтарға бірнеше тосын сый жасады.

Мәселен, мұнда келушілер 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне және Марс ғаламшарына виртуалды саяхат жасай алады. Сондай-ақ, бұл жерде күннен энергия алатын саябақ та таныстырылып, жұртқа паш етілді. Оның ерекшелігі сол, мұнда секундына 600 киловатт қуат өндіріледі. Бұл - үйді бір апта электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Осылайша арабтар талайларды тамсандырып, павильонға деген үлкен қызығушылық тудырды. Тіпті Әмірліктердің қызығын тамашалауға келгендерден ұзын-сонар кезек пайда болды. 

Мансур әл-Мансури, БАӘ павильонының бас директоры: 

- ЭКСПО-ның ашылу салтанаты керемет өтті. Кеше Қазақстан таңғажайып шоумен таң қалдырды. Мен осындай тарихи оқиғаның куәгері болғаныма қуанамын. Қазақстандықтар бізді құшағын жая қарсы алды. Ең бастысы, халықтың қонақжайлығы, кеңпейілділігі ұнайды.

Хабар 24 телеарнасы