423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германиядағы қазақ диаспорасы Қазақстанның беделді көрме өткізіп жатқанын мақтан тұтады

  • 2043

Астанадағы халықаралық EXPO көрмесінің салтанатты ашылуына шетелдегі біздің отандастырымыз да куə болды.

Германияда өмір сүретін қазақ диаспорасының өкілдері осы тарихи сəттің тікелей көрсетілімін қызығушылықпен бақылап отырды. Малабақан Безеритханның айтуынша, ол Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып беделді көрме өткізіп жатқанын мақтан тұтады. «Бұл – үлкен жетістік», – дейді ол.

Малабақан Безеритхан, диаспора өкілі:

– «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі ашылды. Соған мен қуаныштымын. Үлкен ғимараттарды көрдім, өте тамаша екен. Мен екі жылдан бері Астанаға барамын деп ойлап, күн санап жүрмін. Маусым айының жиырмасында Астанаға барып, сол ғимараттарды өз көзіммен көремін. Бірінші мақсат EXPO-ны көру.

Хабар 24 телеарнасы