423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-ның бизнес платформасында қазақ-итальян іскерлік байланысы пысықталды

  • 719

ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бизнес өкілдерінің де өрісін кеңейте түспек.

Мысалы, ЕХРО B2B платформасында өткен кездесу барысында Италия мен Қазақстанның алпысқа жуық компаниясы өзара келелі кеңес құрды. Кездесу барысында бірлесе атқаратын іс-шаралар пысықталды. Ломбардия аймағының министрі Антонио Росси,  «екі ел кәсіпкерлерінің мәмілеге келуі - сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуына өзек болмақ. Халықаралық көрмені кәсіпті өрістетуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қабылдаймын», - десе, кәсіпкер Борис Рябуха ЕХРО ұсынған мүмкіндіктерді мейлінше пайдаланып жатқанын айтады.

Борис Рябуха, кәсіпкер: 

- Отандық бизнестің даму барысынан бәрі де хабардар. Қазақстанды іскерлік байланыс орнатуға оңтайлы ел ретінде бағалап отыр. Италия кәсіпкерлерімен тіл табысқан секілдіміз. Енді өзге мемлекеттердің өкілдерімен кездесіп, сөйлесеміз. Америкамен байланыс орнату ойда бар. Мүмкіндік туып отыр ғой. Қаншама елдің кәсіпкерлері Астана ЕХРО-сында жүр. Олардың жоспарлары бізге таныс. Бизнестеріне өріс ашқысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы