426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиялық саяхатшы ЕХРО-2017 көрмесінен алған әсерімен бөлісті

  • 844

Қазақстанның ЕХРО-дағы сфералық павильоны көрмеге келушілерді таңдай қақтырды.

Үстіңгі жағына екі жел генераторы қойылып, фотогальванды элементтермен құрастырылған нысанның ерекшелігі әсіресе Эрманно Визинтайнерді таң қалдырды. Астананы көзімен көрген танымал италиялық түркітанушы Римге келісімен жерлестеріне көрмеге баруға кеңес берді. Өткен жылы ол ЕХРО-ның құрылыс алаңын аралауға мүмкіндік алған еді. Сондықтан оның аяқталғанын көргенше асыққан. «Нәтиже күткендегіден де керемет болды», – дейді өзі.

Эрманно Визинтайнер, EXPO-2017 көрмесінің қонағы:

- Көрмені ғаламтордағы 3D турымен араладым, құрылыс алаңында болдым, сондықтан футуристік жобаның жүзеге асқанын көзіммен көруге асықтым. Көрдім де көңілім толды. Нысанның архитектурасы мен алуан түрлі жаңа технологиялары таң-тамаша қалдырды. Әсіресе фотогальванды сфера ерекше ұнады. Енді барлығына Астанаға баруға кеңес беремін. Бұл халықаралық үлкен кездесу десем болады.

Хабар 24 телеарнасы