412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасыға EXPO көрмесін көргісі келетінін айтқан павлодардық оқушының арманы орындалды

  • 782

ЭКСПО көрмесін өз көзімен көру – бүкіл баланың арманы.

Солардың бірі – павлодарлық 6-сынып оқушысы Ардақ Шалабаев. Ол былтыр Жаңа жыл қарсаңында «Аяз атаға хат» шарасына қатысып, өзінің қандай сыйлық күтетінін айтып, хат жазған. Онда Елбасыға «ЭКСПО көрмесіне барып, көргім келеді» деп тілек білдірген еді. Дәл жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда Ардаққа ЭКСПО-ның 4 бірдей билеті табысталды. Бүгін жеткіншек анасымен бірге көрмеге келді. Олар саяхатын өз еліміздің ұлттық павильонынан бастады.

Райхан Шалабаева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Жаңа жылда балам Аяз атаға хат жазды. Қазақстанда қаншама бала хат жазды. Солардың ішінен менің баламның хаты Елбасыға жеткен. Бізге 4 билет берді, соны алғанда қуанышымыз шексіз болды. Енді соны өз көзімізбен көру үшін осында келдік.

Ардақ Шалабаев, 7-сынып оқушысы:

Маған ЭКСПО қатты ұнады. Елбасыға алғыс айтамын. Көргенімнің барлығын достарыма айтуға асықпын. 

Хабар 24 телеарнасы