387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Али Саид: ЕХРО көрме кешенінің салынуында ерекше бір астар жатқандай

  • 543

Астана ЕХРО 2017 мамандандырылған халықаралық көрме инфоқұрлымдары енді Қазақ елінің одан әрі дамуына қызмет етеді.

«Әрі ауқымды шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – дейді Әзербайжан журналисі Али Саид. Тілші көрменің жоғары деңгейде өткенін, қызмет көрсету салалары да мінсіз жұмыс істегенін алға тартып, Қазақстанның алдағы кезде де кешенді шаралар өткізу мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

Али Саид, журналист:

- Астанада болған кезімде көрмені екі күн араладым. ЕХРО 2017 жоғары деңгейді өтті деп айта аламын. Мұндай деңгейге ешкім жете алған жоқ. Олай дейтінім, мен көптеген көрмеде болдым. Көрме кешенінің салынуында да ерекше бір астар жатқандай. Бірнеше гектарға созылған павильондар. Көрме және сауда орталықтары да ішінде орналысыпты. Ең ғажабы ақпараттық жүйе сауатты ұйымдастырылған. Қауіпсіздік мәселесіне мән берілген. Адасып кетуің мүмкін емес. Қазақстанның ұйымдастыру қабілетіне бас идік. ЕХРО өткізетін елдер қазақтардан үйренсін!

Хабар 24 телеарнасы