389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық көрме Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны жақындата түсті

  • 980

EXPO 2017 Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны тағы да жақындата түсті.

Бұл жаһандық шараға қатысқан Оңтүстік Корея тобының директоры Бён Йон Соптың пікірі.

Оның айтуынша, EXPO-ның аясында көптеген кореялық кәсіпкер Астанаға арнайы барып, қазақстандықтарға өз тауарларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. «Сондай-ақ ТМД елдері арасында алғаш рет халықаралық көрменің Қазақстанда өткені кездейсоқтық емес, себебі бұл ел өзін өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекет ретінде әлемге танытты», – деп атап өтті.

Бён Йон Соп, EXPO 2017 көрмесіндегі Корея Республикасы тобының директоры:

- Мені көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» етіп таңдалғаны, Қазақстанның «жасыл» энергия бағыты бойынша дамып келе жатқаны таңғалдырды. EXPO көрмесін сәтті өткізген Қазақстан, оның ішінде Астана қаласы даму жолында бір қадам алға жасағаны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы