383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO халықаралық көрмесі елорданың инновациялық дамуына серпін береді

  • 1052
EXPO халықаралық көрмесі елорданың инновациялық дамуына серпін береді astana.gov.kz

«Республиканың астанасы – Астана EXPO көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш қала», - деді «Астана EXPO-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов VI Инвестициялық форум барысында.

Астана «жасыл» энергетика саласында өзекті мәселелерді талқылаудың әлемдік алаңына айналады.

А.Есімов атап өткендей, EXPO-2017 – тек халықаралық көрме ғана емес, сонымен қатар елдің әр түрлі саласына инвестиция тартатын ірі инвестициялық алаң. Бұдан бөлек ІТ-технология, сәулет және құрылыс саласын дамытуға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын көтеру және туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде EXPO құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда көрмеге 49 ел өзінің қатысуын растады. Шамамен 100 ел қатысады деп жоспарлануда. Бұл кең көлемді шара қаланың әлемдік аренадағы орнын жақсартып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырып, елорданың технологиялық дамығандығын паш етеді. Көрме республиканың инновациялық дамуына серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы