386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда туристерге арналған жаңа автобус бағыты ашылды

  • 1176

Ақтауда туристерге арналған жаңа автобус бағыты ашылды.

Ол қала сыртындағы барлық демалыс базалары арқылы өтеді. Енді демалушылар такси үшін ақша шығындамаса да болады. Қоғамдық көліктің жаңа бағыты екі апта бұрын ашылды. Онымен қала сыртындағы демалыс орындарына бас-аяғы бір 1 сағат болар-болмас уақытта жете аласың. Каспий жағалауында тынығам деушілер нөпірі үшін күніне бірнеше рет көлік қатынайды.

Мәди Бекенов, жүргізуші:

- Адамдар бұған өте қатты қуанды. Ақтау қаласынан демалыс базасына жетуге бар-жоғы 50 минут кетеді. Бағасы да қымбат емес, 300 теңге шамасында.

Каспийдің жағалауында 20-дан астам демалыс базасы орын тепкен. Қалтаңа қарай олардың ұсынар қызметі, тағамы, бағасы әртүрлі. Мысалы, мына нысан бір сәтте 2000 адам қабылдай алады. Облыстағы жалғыз аквапарк Каспийдің ең мақтаулы орындарының бірі. 4 бірдей су алабы бар аквапарк 500 адамға арналған. Теңіз суы бабымен жылытылған. Дәрігерлер отбасы мұнда достарының кеңесімен келіпті. «Қазақстанның демалыс орындары шетелден еш кем емес»-дейді олар.

Антон Цимерман, демалушы /Ақтөбе/:

- Жақсы қарсы алды, бәрі жайлы. Екі-үш апта бұрын телефонмен хабарласып орын алып қойдық, алдын ала ақша сұраған жоқ. Құмды жағажай, жылы да таза теңіз суы. Аквапарк тіпті керемет, балаларға да ұнайды. Бәрі сырғанай алады, кезек өте көп емес.

Аквапарк келешекте кеңейе түспек. Жыл он екі ай жұмыс істеу үшін төбесін жабу жоспарлануда. Сондай-ақ, келер жылы мұнда балық рестораны ашылмақ.

Мәрия Үркінова, демалыс базасының қаржы директоры:

- Қонақтарымызға қызмет көрсету өте жоғары деңгейде. Демалыс орнымызда аквапарк скутер, бананмен қамтылған. Қонақтармыз үшін атракцион, теңіз жаңалауында құтқарушылар жұмыс жасайды. Яғни қауіпсіздік шаралары өте қатты сақталады. Теңіз жағалауын барынша таза ұстауға көңіл бөлеміз. Біздің қонақтарымыз жылдың барлы мезгілінде келіп демала алады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, өңірге шетелдіктердердің әсіресе жапон, Қытай, Ресей мен Еуропа туристерінің ынтасы ауа бастаған. Оларды экотуризм мен Маңғыстау облысының тарихи, табиғи орындары өзіне тартады. Өңірдегі көлік әлеуеті де салаға серпін беріп отыр.

Гүлжан Байжауынова, облыстық туризм басқармасының жетекшісі:

- Туризмді дамыту бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр. 900 млн тенге туризм жобаларына қарастырылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2014-2015 жылмен салыстырғанда қазіргі туристердің саны жылдан жылға көбейіп барады. Соның ішінде шетелдік туристер әсіресе.

Биыл облыста туризм саласына жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді қолдауға 900 млн теңге бөлінген. Бизнесмендер оған демалыс орындары мен үйлердің санын көбейтті. Ақтау қаласына экскурсия жасау жобасы да соның шеңберінде жүзеге асқан.

Авторлары: Абылай Мауданов, Тамара Степанова, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы