389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайваньда тағы бір адам зика безгегін жұқтырған

  • 648

Тайваньда Зика безгегі жұққаны жөнінде төртінші дерек тіркелді.

Аты жаман ауруға 43 жастағы жергілікті тұрғын шалдыққан. Ол таяуда күйеуімен бірге Сент-Люсия аралынан оралған екен. Елге келгеніне екі апта болғанда, өзін жайсыз сезініп, медициналық көмекке жүгінген. Қазір ол оқшауланған палатада ем қабылдап жатыр. Негізі 4 науқастың барлығы да қауіпті вирусты шетелден жұқтырып келген. Айта кеткен жөн, Зика вирусы бәрінен бұрын жүкті әйелдер үшін қауіпті. Ол құрсақтағы бала миының дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы