378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада «Эрл» дауылынан қаза тапқандар саны артты

  • 1616

Мексиканың шығыс бөлігінде соққан тропикалық «Эрл» дауылынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті.

Бұл туралы «Франс Пресс» агенттігі мәлімдеді. Ақпараттарға қарағанда, табиғаттың тосын мінезінен бір ғана Пуэбла штатында 28 адам ажал құшқан. Олардың 15-і кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Ал Веракрус штатында қаза тапқандар саны 10 адамға жеткен. Нөсермен бірге келген дауылдан Мексиканың бірнеше штатымен бірге көршілес елдер де зардап шекті. Белиз елінің астанасында құйын үйлердің шатырын ұшырып, электр сымдарын үзген. Ал Гватемалада жағалауға жақын тұратын 200 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Хуан Пабло, жергілікті тұрғын:

- Дүлей дауыл таңғы сағат 07.00 шамасында басталып, айнала тарсылдап кетті. Кенет үйдің төбесінен дүрс еткен дыбыс шықты. Барлығымыз далаға атып шықсақ, дауылдан ағаштар құлап жатыр екен. Біреуі үйдің үстіне құлапты. Абырой болғанда, біз шыққанда шаңырағымыз да ортасына опырылып түсті. 

Хабар 24 телеарнасы