386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еріктілердің қызметі заңмен реттеледі

  • 938

Елімізде еріктілердің қызметі заң тұрғысында нақытыланады әрі мәртебе берілмек.

Осындай алғышарттарды қамтитын заңның жобасы жасалып, жұмыс тобы да құрылған. Құжат аясында еріктілерге мәртебе беру көзделген. Ұлттық волонтерлар желісінің төрайымы Вера Кимнің сөзіне сүйенсек, еріктілердің қызметі заң жүзінде толық реттелмеген. Сондықтан олардың құқықтары және қай салада ерікті түрде қызмет не көмек көрсете алатыны да нақтыланбаған. Сондай-ақ Вера Ким Ұлттық волонтерлық желі заң жобасын талқылау барысында үкіметтік емес сектор мен еріктілердің мүддесіне өкілдік етеді.

Вера Ким, Ұлттық волонтерлық желінің төрайымы:

 

- Біздің волонтерлар өз қызметтерін атқарғаннан кейін оларға дән риза болған мекеме немесе көмекке мұқтаж болған тұрғындар алғыс хат пен сертификаттар табыстап жатады. Сол қағаздың еріктіге шетелдегі жоғары оқу орнына оқуға түскенде не болмаса халықаралық компанияға жұмысқа орналасқанда көп көмегі тиеді. Бізде ондайға бір жапырақ қағаз ретінде қарайды. Қазір Білім және Ғылым министрлігімен келіссөздер жүргізудеміз. Депутаттармен де осы мәселені талқылаймыз. 

Хабар 24 телеарнасы