377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде банкротқа ұшырап, адамдарды кепілдікке алған бизнесмен жазаға тартылмайды

  • 951

Мәскеудің орталығында банкротқа ұшыраған бизнесмен банк бөлімшесін басып алып, бомба жарамын деп елдің үрейін алды.

Оның мойнында жарылғышқа ұқсайтын зат болған. 55 жастағы кәсіпкер шабуыл жасардың алдында ғаламторда бейнежазба арқылы, онда банкроттық себебінен Қылмыстық кодексті өрескел бұзатыны туралы жоспарын айтқан. Ол 4 адамды кепілдікке алды. Банк маңындағы қозғалыс тоқтатылып, оқиға орнына арнайы жасақ, саперлар, мергендер мен өрт сөндірушілер келген. Келіссөздерден кейін күдікті тұтқында ұстаған барлық адамды бір-бірлеп босатып, 3 сағаттан кейін өз еркімен берілді. Кейін белгілі болғандай "бомба" дегені тұз салған қорап болып шықты. Ресей заңы бойынша, ол кепілдікке алған адамдарды еш зиян келтірмей, өз еркімен босатып, полицияға берілгендіктен бұл қылмысы үшін жазаға тартылмайды. Қазір оның психикалық хал-ахуалы тексеріліп жатыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда мәжбүрлеп емдеуге жіберілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы