388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Рио Олимпиадасының жүлдегерлерін құттықтау рәсімі өтіп жатыр

  • 1626

Елорда төрінде ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, атой салған оғландарды марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

Риода өткен дода кезінде сүйікті спортшысына жанкүйер болған қазақстандықтар, ел мақтаныштарына қолдан келген бар құрметін көрсетіп қалып жатыр.

Бұл Олимпиада ойындары қазақстандық спорт тарихын тағы бір мәрте жаңартып, ел мерейін асырды. Ұлттық құрама спортшылары 17 бірдей жүлдені қоржынға салып, жаңа рекордтық көрсеткіш көрсетті. Сондықтан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне көрсетілетін құрмет ерекше. Олар дүниежүзілік додадан 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медальді еншілеп, елге оралды. Содан бері жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп жатыр.

Қазір «Бәйтерек» монументінің алаңында мерекелік концерт басталды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Тәуелсіздік алғалы бері алты Олимпиада ойынына қатысып, жалпы жиынтығы 69 жүлдені жеңіп алды. Атлантада 11, Сиднейде 7, Афинада 8, Бейжіңде 13, Лондонда 13, енді міне Риода өткен жазғы ойындардан рекордтық 17 медальға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы