384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында шаруалар 1 млн тоннадан астам мал азығын жинады

  • 1001

Ақмола облысының шаруалары бүгінге дейін 1 млн 100 мың тоннадан астам шөп жинап үлгерді.

Бұл азық аймақтағы мал басына артығымен жетеді. Дегенмен, жем-шөп жинау науқаны әлі жалғасып жатыр. Себебі биыл даладағы шөп жақсы шығып, орып алуға күн де өте қолайлы болып тұр,- дейді шаруалар. Сандықтау ауданының Приозерный ауылындағы Иван Галюк басшылық ететін серіктестік бүгінге дейін бас-аяғы 5 мың гектар алқапты игеріп отыр. Оның 1 мың гектарына егін сепсе, қалған 4 мыңы шабындық жер. Шаруа, биыл олжалымыз,- дейді. Себебі шөбі шүйгін алқаптан мол өнім жиналуда.

Иван Галюк, серіктестік директоры:

- Биыл біз көп көлемде шөп жинадық. Бүгінге дейін 1 мың тоннаға жуық мал азығын дайындап қойдық. Оның 200 тоннасын халыққа тараттық. Одан бөлек, егіннен қалған сабанды да жинаймыз. Сондықтан, биыл қыста жем-шөптен қысылмаймыз деген ойдамын. Ендігі міндетіміз – егінді уақытында, ысырапсыз жинап алу.

Шаруа қожалығында 50-ге жуық адам еңбек етеді. Әрқайсысының өзіне тиесілі жұмыс аумағы бар. Серіктестік басшысы, жұмысшыларға әлеуметтік жағынан барынша жағдай жасауға тырысамын,- дейді. Мұны алқапта тынымсыз тер төгіп жүрген шаруалар да жоққа шығармады.

Мұрат Әбжанов, механизатор:

- Ай сайын жалақымызды беріп тұрады. Одан бөлек, сұраған нәрсеңді көмектесіп, көмегін жасап тұрады. Арзан бағада шөп береді. Арзан бағада жемін береді өзі. Екі жыл болды осында жұмыс істеймін. Қысы-жазы жұмыс бар. Ауылда мұндай тұрақты жұмыс табу оңай емес.

Жалпы, Ақмола облысында мал шаруашылығымен айналысатын ірілі-ұсақты 600-ге жуық ауылшаруашылығы құрылымы бар. Олар бүгінге дейін 1 млн 100 мың тоннадан астам шөп жинап үлгерген. Бұл қажетті көлемнен 3 пайызға артық. Әлі де жинаймыз,- дейді. Себебі, шаруалар, қаһарлы қыста жем-шөптің ешқашан көптік етпейтінін айтады.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный.

Хабар 24 телеарнасы