386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылып, бір адам зардап шекті

  • 634

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта газ жарылды. Денесін күйік шалған комбинат жұмысшысы жансақтау бөліміне түсті. Төтенше жағдай «АрселорМиттал Теміртау» ақционерлік қоғамының конвертерлік цехында болды. Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. 40 жастағы азамат қазір ауруханада.

Берік Төлеубаев, Қарағанды қаласы Х.Мақажанов атындағы травматологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Үлкен көлем денесінің 45%-ы жұмыста жарақат алған, қазір реанимацияда ем-шараларын жүргізіп жатырмыз. Үміт бар әрине, бірақ оның күйігі үлкен көлемде, терең. Сондықтан өміріне қауіп бар.

Хабар 24 телеарнасы