386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада жаздың ыстығы басылмай тұр

  • 762

Еуропада жаздың ыстығы басылмай тұр. Германия мен Польшадағы ауа температурасы қыркүйектің ортасына тән көрсеткіштен 10-12 градусқа жоғары. Францияда да осыған ұқсас жағдай. Елдің оңтүстік-батысында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Чехияда 100 жылдық метеобақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіштер тіркеліп жатыр. Синоптиктер бұл жағдайды Балтық теңізі үстіндегі антициклонмен байланыстырады. Олардың пайымдауынша, 15 қыркүйектен кейін Еуропадағы күннің ыстығы нөсер мен найзағайға ауысуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы