384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіпқой бокс: Әшкеев Мартезбен, Ақбербаев Курцвейлмен кездеседі

  • 1149
Кәсіпқой бокс: Әшкеев Мартезбен, Ақбербаев Курцвейлмен кездеседі today.kz

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев келесі жекпе-жегін 24 қыркүйекте өткізеді. Қарсыласы - Мартез Джексон. 33 жастағы Мартез әлі ешкімнен ұтылмаған. Кәсіби рингке бес рет шыққан боксшы үшеуінде жеңіске жеткен. Дәл сол күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында да бокс кеші ұйымдастырылады. Қазақ елінің сегіз бірдей кәсіпқой боксшысы ринге шығады деп күтілуде. Олардың арасында Әли Ахметов, Берікбай Нұрымбетов, Александр Журавский секілді спортшылар бар. Көрермендер Фируза Шарипованың өнеріне де баға береді. Фирузаның қарсыласы Кристина Копане. Ал негізгі жекпе-жек Иса Ақбербаев пен неміс Майк Курцвейл арасында өтеді. Бұл енді ғаламдық бокс кеңесінің алтын белдігін сарапқа салатын бәсеке. «Хабар» арнасы бокс кешінен тікелей репортаж беруді жоспарлап отырғанын да айта кетейік. 

Хабар 24 телеарнасы