389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жанармай тапшылығы жуық арада реттеледі

  • 599

Павлодар облысында жанар-жағармай тапшылығының басты себебі өңірдегі мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылуы болып отыр. «Алайда, зауыт аз күнде ашылып, мәселе шешімін табады», - дейді облыстық сауда, кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары. Естеріңізге сала кетсек, соңғы екі-үш күнде аймақта 92-ші маркалы бензиннің тапшылығы айқын сезілген еді. Бензин құятын кейбір бекеттерде талонмен босатылды. Дизельді отынға қатысты да осындай жағдай қалыптасқан. Мамандардың айтуынша, жанар-жағармайдың нарықтағы тапшылығының тағы бір себебі биыл Омбы мұнай-химия зауыты да павлодарлық кәсіпорынмен бір уақытта жөндеу жұмыстарына жабылған екен.

Асхат Жармағамбетов, облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы жетекшісінің орынбасары:

- Павлодар зауыты жөндеуге шыққан. Сол себеппен кейбір жанармай бекеттерінде 92-ші бензин жоқ шығар. Бірақ біздің облыста бензин бар. Дизель отыны шектеулі, сол себепті талонды жүйемен беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы