385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дрездендегі жарылыстар нәсілшілдік негізінде жасалған

  • 565

Дрезденде қолдан жасалған екі бомба жарылды. Біздің Германиядағы тілшіміз Шолпан Найманбаеваның хабарлауынша, түн ортасында болған жарылыстың алғашқысы мешіт жанында жарылған. Бұл кезде мешіт ішінде болған имам, оның зайыбы мен екі баласы дін аман. Арада 20 минут өткенде екінші бомба Конгресс-орталығында жарылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша қылмыс нәсілшілдік негізінде жасалған. Осы оқиғаға байланысты Дрездендегі барлық мешіттер жанына полиция қызметкерлерінен күзет қойылған. Қала билігі қатты алаңдаулы, өйткені қазанның 3-інде Дрезденде жүздеген қонақтың қатысуымен Германияның бірігу күні кең көлемде аталып өтуге тиіс. Билік басындағылар қылмыскерлердің қарапайым халыққа қарсы бағытталған осындай шабуылдарын қайталауы мүмкін деп қауіптенеді.

Томас де Мезьер, Германияның Ішкі істер министрі

- Германияда қазір адамдардың бір-біріне, оның ішінде ислам дінін ұстанатын адамдарға деген төзімсіздігі артуда. Ал мұндай қылмыстың Берлинде өткен Жалпыға бірдей ислам конференциясының 10 жылдығы мен Германияның  бірігу күнін тойлауға бірнеше күн қалғанда болуы мүлде ақылға қонбайды. Дрезденде жарылыстар болды, әйтеуір ешкім құрбан болған жоқ. Біз Германияда мұндай оқиғалар болғанын қаламаймыз.

Хабар 24 телеарнасы