389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы неврология және эпилепсия орталығы қызмет көрсету аясын кеңейтті

  • 845

Петропавл қаласындағы неврология және эпилепсия орталығы қызмет көрсету аясын кеңейтті.

Дәрігер Светлана Ацина «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша берілген 3 млн теңгеге осы заманғы озық құрылғы сатып алды. Ол миды зерттеп, жүйке жүйесі ауруларын анықтайды. Бүгінде 100-ден астам адам көмекке жүгініп үлгерді. Бұл қадам науқастарды қарап қана қоймай, емдеуге де мол мүмкіндік беріп отыр. Айта кетейік, орталықта оңалту курстары да бар. Қазіргі уақытта мұнда 9 тәжірибелі маман жұмыс істеп жүр. Олар жыл сайын Ресей еліне барып, кәсіби біліктілігін арттыратын болады.

Светлана Ацина, Неврология және эпилепсия орталығының жетекшісі:

- Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан адамды бір дәрігер емдейді. Орталықтың басты мақсаты да осы. Яғни маман науқасты басынан аяғына дейін өзі ғана қарап, көмек көрсетеді. Бұл олардың аурудан тез айығып кетуіне сеп.

Хабар 24 телеарнасы