389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда асфальт опырылып, екі адам терең шұңқырға түсіп кетті

  • 807

Павлодар қаласындағы 1 мамыр мен Лермонтов көшелерінің қиылысында күтпеген жерден асфальт опырылып, 2 адам зардап шекті.

Жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 58 жастағы әйел мен оның төрт жастағы немересі 5 метр терең шұңқырға түсіп кеткен. Екеуі де дін-аман. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала дене жарақаттарын алса, әжесі есінен танып қалған. Жауапты мемлекеттік органдар опырылған жолды қалпына келтіруге кірісті.

Бақытбек Текиманов, балалар ауруханасының травматологы:

- Бала тексерілді. Бас-ми сүйегінің жарақатын алып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа деңгейде.

Андрей Балашов, қала әкімінің орынбасары:

- Апатқа кәріз коллекторындағы ақау себеп болған. Салдарынан диаметрі 1,5 мың метр болатын кәріз желісінің үстіндегі жол жабындысы опырылып түсті. Қазіргі таңда «Павлодарсуарнасы» кәсіпорны шұңқырдың айналасын қоршап, жөндеу жұмыстарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы