385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2016 жылы Қазақстанда жалпы қылмыс саны азайды

  • 1063
2016 жылы Қазақстанда жалпы қылмыс саны азайды trade-drive

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысы кезінде Қазақстанда биылғы жылы жалпы қылмыстар саны азайғанын хабарлады.

«Елімізде жалпы қылмыстар саны 3,5% азайып, 256 мыңды құрады. Ауырлығы аз қылмыстар саны төрт есеге төмендеді, кісі өлтіру - 5%, зорлау - 24%, ұрлық-қарлық - 10%, қарақшылық жасау - 14% азайды т.с.с. Травматикалық қаруды қолданумен жасалған қылмыстар саны өткен жылы - 79%, ал биыл - 26% төмендеді. Бұл тұрғындардан қару сатып алу және биылғы жылғы қаңтардан бастап травматикалық қарудың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлелдейді», – деді Қ.Қасымов.

Министр бұрынғыдай, барлық қылмыстардың 60%-дан астамын ұрлық қылмыстары құрап отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, ұсақ және ауырлығы орташа қылмыстар – ұялы телефондар, автокөліктерден заттарды ұрлау, қалтаға түсу және т.б.  

Хабар 24 телеарнасы