380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Гаити халқына шұғыл көмек көрсету үшін 119 млн доллар қажет

  • 800

БҰҰ Гаити халқына шұғыл көмек көрсету үшін әлемдік қауымдастықтан 119 миллион доллар сұрап отыр.

Қаржы дүлей дауылдан жапа шеккен 750 мың тұрғынды ең қажетті деген заттармен қамтамасыз етуге жаратылмақ. Халықаралық ұйым өкілдері оны 3 ай ішінде жинау керек деп отыр. Айта кеткен жөн, өткен аптада Гаитиде «Мэттью» дауылы ойран салған болатын. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат құрбандарының саны мыңнан асқан. Алайда жергілікті билік әзірге 350-ге жуық адамның қазасын растап отыр. Өйткені құтқарушылар шалғайдағы аудандарға жете алмайды. Сондықтан құрбандардың нақты санын білу мүмкін болмай тұр. Күшті желден 3200 үй қираған. Табиғи апаттан Гаитидің сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне де зақым келіп, салдарынан тырысқақ індеті өршіген. Бұл аурудан 13 тұрғынның ажал құшқаны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы