383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей мен Түркия «Түрік газ бағытын» салуға келісті

  • 632

Ресей мен Түркия «түрік газ тасымалдау құбырын» салу жөнінде уағдаластыққа жетіп, келісім-шартқа қол қойды.

Келісім екі ел президенттерінің Стамбұлда өтіп жатқан дүниежүзілік саммиттегі кездесуінен кейін жасалды. Нәтижесінде екі елдің энергетика министрліктері Ресейден Еуропаға газ тасымалдау жөнінде ресми құжатпен алмасты. Оған сәйкес, қуаты жылына 18 миллиард текше метрді құрайтын 2 құбыр тармағы салынбақшы. Бұдан басқа Мәскеу мен Анкара әртүрлі салаларда да ынтымақтастық орнатуға уәделесіп, екіжақты қатынастың жандана бастағанын жеткізді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Осы орайда бүгін Ресей үкіметі ел нарығына түрік тарапынан бірқатар тауар түрлерін кіргізу жөнінде шешім қабылдағанын айтқым келеді. Өнімдер қатарында ауыл шаруашылығы тауарлары мен цитрустық өнімдер бар.

Хабар 24 телеарнасы