385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашағаннан алғашқы мұнай алынды – Энергетика министрлігі

  • 1051
Қашағаннан алғашқы мұнай алынды – Энергетика министрлігі фото: kaz.365info.kz

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыстан кейін Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» резервіне мұнай жіберіле бастағанын хабарлады.

«Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұңғымада өндіріс жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне 90 мың баррельдей болып қалатын көрсеткіш бар», - деді министр.

Қ.Бозымбаев, сондай-ақ «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

«Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр», - деді Қ. Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы