389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денсаулық сақтау ұйымы тәтті сусынға салық салуды ұсынды

  • 976

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәтті сусынға 20 пайыздық мөлшерде салық салуға шақырды.

Себебі халық арасында осындай өнімдердің кесірінен семіздік, сусамыр дертіне шалдығып, тісі бүлінген азаматтардың қарасы көбейген. Өйткені шөлді қандыратын сусынның ішіндегі қант пен түрлі қоспалар көп жағдайда аты аталған ауруларға алып келетін көрінеді. Мысалы кез-келген адам, мұндай дертке шалдықпасы үшін күніне 12 шайқасықпен қант тұтынуы тиіс болса, бір 330 милилитрлік сусын құтысында 19 қасық шекер болады екен. Халықаралық орган өкілдерінің пайымдауынша, бұл шара темекіге салынған салық сияқты халық арасында аты жаман ауру түрлерін 3%-ға төмендете алса, Жер шары үлкен жетістікке жеткен болар еді.

Франческо Бранка, ДДСҰ-ның Денсаулық пен даму үшін тағамдану департаментінің директоры

- 20 пайыз салық қантты пайдалануды азайтудың тиімді шарасы болар еді. Мұны мектептерде тәтті сусындарды сатуды азайту немесе құты сыртындағы қағазды өзгерту сияқты басқа да шарамен бірге жүргізсе дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы