383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлы Абайдың әуені Ресей композиторына шабыт берді

  • 636
Ұлы Абайдың әуені Ресей композиторына шабыт берді Фото: Азия вчера и сегодня

Композитор әрі дирижер В.Соболевтің «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері 19 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді.

Жаңа шығарма Симфониялық оркестрдің солисті, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазылған. Ол халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиевамен (фортепиано) бірге елордалық әнсүйер қауымға «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертін ұсынады.

Абайдың ең танымал «Айттым сәлем, Қаламқас» әні, ХХІ ғасырдың музыкалық дәстүрінің есебімен жаңаша орындалады. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариясын тыңдап, нотасымен, ұлы Абайдың өлеңімен және әннің шығу тарихымен танысқан В.Соболев, керемет скрипкалық пьеса жазып шығарды. Композитор шығарманы жазу идеясы концерттің көркемдік сөзінің авторы, кешті халықтың сүйікті «хитімен» аяқтағысы келген Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері Гюзель Хайбуллинаға тиесілі екенін айтып өтті.

Шығарманы жазу барысында автор Қаламқас Жұмабаеваның орындау ерекшелігі мен стилін ескергенін айтып, әннің «Айттым сәлем, Қаламқас» атауы мен талантты скрипкашының есімі сәйкес келетінін де атап өтті: «Қаламқастың есімі өзіне сай, ол нәзік те әсем, керемет орындаушы. Мен оған өмірде де, шығармашылықта да жетістік пен қуаныш тілеймін». 

Хабар 24 телеарнасы