383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жаңа өнер галереясы ашылды

  • 635
Елордада жаңа өнер галереясы ашылды Фото:astana.gov.kz

Астанада «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы мен «Форте банктің» қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды.

онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді.

«Астана тұрғындарының атынан «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясына және «Форте банктің» басшылығына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлемдік аренада танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді», - деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Хабар 24 телеарнасы