384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 630

Елордада Ақмола облысының күндері аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Облыс көлеміндегі ауылшаруашылық өнімі 248 млрд теңгені құраған. Мемлекет қолдауындағы және жеке кәсіпкерлер ұсынып отырған ет өнімдеріне елорда тұрғындары Астана дүкендеріндегі бағадан екі есе төменге сатып алды. Себебі, мұнда жылқы еті 1100, қой еті 950 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, облыстағы ең ірі құс фабрикаларының жұмыртқаларына сатып алушылар ұзын-сонар кезекке де тұрды. Оның бағасы небәрі 190 теңге болды. Жәрмеңке барысында облыстың бет бейнесіне айналған жоғары сапалы ұн мен бидай өнімдері де қойылды. Облыстың мақтанышына айналған өнер жұлдыздары сахналанған көріністер ұсынып, келген қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Мұрат Балпан, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:

- Жәрмеңкеге 70-тен астам өнім әкеліп сатып жатырмыз. Барлығы сапалы әрі төмен бағадан сатылуда. Ет 600 тоннадай және де сүт өнімдері 60 тонна, картоп пен көкөніс 400 тоннадай. Барлығын есептегенде 700 млн теңге көлемінде азық-түлік сатылады.

Хабар 24 телеарнасы