380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда кәсіби дәнекерлеушілер дайындайтын оқу орталығы ашылды

  • 2156

Атыраудағы жоғары техникалық колледждің базасында кәсіби дәнекерлеушілер дайындайтын оқу орталығы ашылды.

Бұл жоба Мемлекет басшысының жастарға кәсіби білімді тегін беру туралы тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Отандық кәсіпорындардың қолдауымен ашылған дәнекерлеушілер орталығында оқуға ынта білдірген кез-келген азамат тегін кәсіби білім ала алады. Сонымен қатар жұмысқа орналасуға да мүмкіндік бар.

Дәнекерлеушілерге арналған оқу орталығының жоғары техникалық колледжде ашылу тегін емес. Өйткені бұл халықаралық білім беру орталығының материалдық-техникалық әлеуеті бүгінгі заман талабына толық жауап бере алады. Оған қоса канадалық тәлімгерлермен біріккен отандық оқытушылар әлемдік стандарттар негізінде білім береді.

Ермек Күзенбаев, жоғары техникалық колледж директоры:

- Оқу бағдарламасының негізгі ерекшелігі бағдарламаның жалпы 93%-ы ол практикалық оқытудан тұрады. Бағдарламаны біз халықаралық дәнекерлеу институтының стандарттары бойынша жүзеге асырылады және де бұл бағдарлама біздің қазақстандық дәнекерлеушілер қауымдастығы KazWeld-пен аккредитацияланған.

Дәнекерлеушілер орталығына бүгін алғашқы 30 оқушы қабылданды. Олар дәнекерлеу ісінің барлық түрін жетік меңгеріп, темірден түйін түйетін бесаспап маман болып шығады.

Теміртас Мұхтаров, дәнекерлеушілер орталығының оқушысы:

- Болашақта біздер Қазақстанға пайдамыз келетіндей жас маман болғымыз келеді. Мұнда 4 ай оқимыз. Сол төрт айдың ішінде сварканың әр түрін үйретеді деп жатыр. Жартылай автомат, аргонды, тағы да сварканың басқа түрлері де бар. Төрт айдың ішінде жақсы маман болып шығамыз деп бұйыртса халықаралық сертификатты алуға үміттенеміз.

Оқу орталығының халықаралық үлгідегі дипломын алып шыққан жас мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі де жоғары. Осы мақсатта бүгін отандық және шетелдік жұмыс беруші кәсіпорындармен арнайы меморандумға қол қойылды. Жаңа білім беру  жобасының арқасында енді әр төрт ай сайын жас мамандар еліміздегі ірі кәсіпорындарға жолдама алатын болады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұтанғазы

Хабар 24 телеарнасы