376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде мигранттардың көшедегі лагері бұзылды

  • 734

Франция астанасы Парижде аяқасты тұрғызылған мигранттардың лагері жойылып, 2 жарым мың босқын көшіріліп жатыр.

Полиция күркелердегі босқындарды екі топқа бөліп, жинады. Бірінде босқын мәртебесіне өтініш берген келімсектер де, екіншісінде қолдарында құжаты жоқ мигранттар. Әзірге олардың қайда көшірілетіні белгісіз. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жерде қыркүйек айында дәл осындай лагерь жойылған. Бірақ жергілікті телеарнаның хабарлауынша, француздар астанасына әртүрлі жолмен күніне 70-80 мигрант аяқ тірейді екен. 

Хабар 24 телеарнасы