384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет World Вeauty - 2016 сән фестивалінің гранд-финалы өтіп жатыр

  • 783

Астанада алғаш рет World Вeauty - 2016 сән және сұлулық фестивалінің гранд-финалы өтіп жатыр.

Кеше шымылдығын түрген байқау 6 қарашаға дейін жалғасады. Шара аясында мисс және мистер байқауы ұйымдастырылып, дизайнерлер, визажистер мен сұлулық және талант-талғамы бойынша сайыстар өтеді. Ал сәнқұмарлар үшін Пьер Карденнің киімдер топтамасы көрсетіледі.

Сұлулық байқауының басталуына бірер минут қалды. Фестивальдің ең кішкентай қатысушыларының бірі сахнада соңғы дайындықты пысықтып жатса, енді бірі боянып, сырт келбетке мән беруде. Сайыс қатысушыларының осалы жоқ. БарлығыТМД елдері мен Еуропада өткен жарыстарда оза шауып, ақтық сынға жолдама алғандар.

Гүлнәр Жүнісова, «Іңкәр сезім» қоғамдық қорының президенті:

- Бұл байқау Еуропадан шыққан. Еуропадан бұрынғы КСРО қалаларына келген. Осы 16 жыл бойы ТМД қалаларында өтеді. 9 жылдай бұрын Fashion House International деген атаумен Қазақстанға келген. Бұл конкурстың номинациялары жыл сайын көбейіп жатыр.

Байқауға әлемнің 10 елінен 120-дан астам қатысушы келген. Фестивальде балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, күн сайын түрлі аталымдар бойынша сайыстар өтеді. Ал шараның басты ерекшелігі Пьер Карден сән үйінің кешкі көйлектер көрсетілімі болмақ.

Родриго Базиликати, Pierre Cardin сән үйінің дизайнері:

- Біз бұл байқауға Pierre Cardin сән үйінің ең таңдаулы киім үлгілерін алып келдік. Әйелдердің кешкі көйлектері мен ерлердің сәнді костюмдер топтамасын көрсетеміз. Әрине, мұндай шараның Қазақстанда ұйымдастырылуы бізді қуантады.

Осымен 77-рет ұйымдастырылып отырған World Beauty фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы 5 қарашада өтеді. Байқауға отандық және шетелдік белді сән үйлерінің өкілдері мен сала мамандары қазылық етеді.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы