386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық оқушылар кәсіби біліктілігін сынады

  • 814
Қарағандылық оқушылар кәсіби біліктілігін сынады

Қарағанды облысында 60-қа жуық колледж мектеп оқушыларының кәсіби біліктілігін сынау алаңына айналды.

Оқушылардың күзгі демалысы кезінде өткен шараға 5 мыңға жуық бала қатысты. Оларға 70-тен астам мамандық түрі ұсынылды. Бұл болашақта оқушылардың өз мамандығын дұрыс таңдауына сеп болады, - дейді мамандар. Андрей Меньшиков - №17 мектептің оқушысы. Кәсіби біліктігін сынап, болашақ мамандығын анықтап алуға келгенін айтты. Сондықтан ол тау-кен индустриалды колледжін таңдаған. Жылына мұнда 150 студент қабылданады. Олар дәнекерлеуші, темір ұстасы, әрлеу мамандықтары бойынша білім алады.

Андрей Меньшиков, № 17 мектеп оқушысы:

- Алғашқы рет мұндай жұмыстарды өз қолыммен жасап тұрмын. Бұл бізді қатты қызықтарады. Оған қоса, бізге мұндай шаралар болашақ мамандығымызды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Маған бұндағы жұмыстар қатты ұнады.

Колледж мамандарының айтуынша, бұл оқу орнын бітірген студенттердің 90 пайызы жұмыспен қамтылады. Соңғы жылдары аталмыш маман иелеріне сұраныс артқан.

Думан Әбітаев, Тау-кен индустриалдық колледжінің өндірістік оқыту шебері:

- Кәсіби біліктерін сынағаннан кейін, балалардың 40 пайыздан астамы біздің колледжге келіп түсіп жатады. 15-16 жастағы балалар көбінесе қандай мамандық таңдау керектігін білмейді. Сондықтан біз қазір үлкен сұранысқа ие электр-газбен дәнекерлеуші мамандығымен таныстырамыз.

Қалалалық білім басқармасының мамандары, мектеп оқушыларымен бірге кәсіби біліктілікті арттыру шараларына қатысып, балалардың техникалық салаға деген құлшыныстарын бақылайды. Олардың айтуынша, кәсіби біліктілікті сынау жүйесін енгізгелі бері, оқушылардың 50-60 пайызы өздері сынақтан өткен колледждерді таңдайды екен.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов.

Хабар 24 телеарнасы