385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда шекаралық бекет қызметінің дамуына үлес қосқан әскерилер марапатталды

  • 700

Қостанайда еліміздің шекаралық бекет қызметінің дамуына үлес қосқан әскерилер марапатталды.

Қазақстан мен Ресей шекарасының 1200 шақырымы Қостанай облысына тиесілі. Олардың бойында 10 өткізу пункті орналасқан. Соның ішінде ең үлкені - «Қайрақ» бекеті. Халықаралық маңызға ие бұл бекеттен тәулігіне үш жарым мыңдай көлік, алты мыңдай адам өтеді. Бүгінде өткізу пункттері толықтай жаңарған. Екі ел шекарашылары арасындағы ынтымақтастық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етіп отыр.

Виктор Сәрсембеков, әскери шекаралық бақылау бөлімінің басшысы:

- Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметімен тығыз қарым-қатынастамыз. Үнемі ақпарат алмасып отырамыз. Кездесулер өткізіп, тәжірибе бөлісеміз. Бұл контрабанданың, өзге де заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде есірткі тасымалына қатысты 30, қару-жараққа қатысты 70 қылмыс әшкереленді. Өткізу жолақтары кеңейді, азаматтардың құжаттары небәрі 30 секунд ішінде тексерілетін болды.

Хабар 24 телеарнасы