386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017-де 3 мыңдай ерікті қызмет көрсетеді

  • 892

Универсиада кезінде ең үлкен күш еріктілерге түседі.

28-қысқы Универсиада кезінде 3 мыңдай ерікті қызмет көрсетеді. Олардың арасында әртүрлі спорттық додаларда шыңдалған тәжірибелі еріктілер де көптеп кездеседі. Бұдан өзге шетелдік еріктілер де көмек қолын созбақ. Бұған дейін білікті мамандардан дәріс алған қыз-жігіттер енді тәжірибеден өтуде.

Қымбат Нұрдәулет, ерікті:

- Өзімнің қабілетімді одан әрі арттыру үшін келдім. Біздің қаламызда «Еріктілер лигасы» деген қор бар. Сол жерде жарты жылдай ерікті болып жүрмін. Әртүрлі іс-шараларға қатыстық, өзіміз іс-шаралар жүргіздік.

Хабар 24 телеарнасы