387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ күресі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді

  • 791

Қазақ күресі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді.

Мұндай шешімді Эфиопияда мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитет қабылдады. «Қазақ күресінің» дамуы қазақ халқының тамыры терең тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі басқосу мен той-томалақ осы күрессіз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың құрмет тұтар адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Хабар 24 телеарнасы